Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығы репродуктивті денсаулық саласындағы заманауи жетістіктерге арналған «Репродуктивті медицина (Орталық Азия)» ғылыми рецензияланатын журналын шығарады. Журнал 2009 жылдан бері жарық көреді және репродуктивті медицина, әйелдер мен ерлер денсаулығы, педиатрия және репродуктивті денсаулық саласындағы қоғамдық басқару мәселелері бойынша түпнұсқа зерттеулерді, клиникалық жағдайларды және талдамалық шолуларды жариялайтын ашық ғылыми басылым болып табылады.
Басылым репродуктологтарға, акушер-гинекологтарға, андрологтарға, педиатрларға және басқа да медициналық бағыттардың мамандарына арналған. Журнал Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда таратылады, Қазақстанның ұлттық дәйексөздер базасында индекстелген және Crossref жүйесінде тіркелген.
Мамандар мен зерттеушілерді журнал материалдарымен танысуға және жариялау шарттары туралы ақпаратты «Репродуктивті медицина (Орталық Азия)» журналының ресми сайтынан білуге шақырамыз!